Жүктелген файлды ашыңыз. Телефон «белгісіз көздерден орнатуға» рұқсат сұраса — браузерге рұқсат беріп, артқа оралыңыз.
«Орнату» басыңыз. Google Play Protect ескертсе — «Толығырақ» → «Бәрібір орнату».
Qalta-ны ашып, email және құпиясөзбен кіріңіз.
Қосымша Google Play-де жоқ, тікелей осы сайттан орнатылады — сондықтан телефон ескерту көрсетеді. Қосымша тек qalta.seycogroup.com сайтын ашады; камераны тек чек сканерлегенде сұрайды.
Бұл браузерден iPhone-ға орнату мүмкін емес.Сілтемені көшіріп, Safari-де ашыңыз.
Батырманы басып, «Рұқсат ету» (Allow) таңдаңыз.
«Параметрлер» (Settings) ашыңыз → жоғарыдағы «Профиль жүктелді» жолын басыңыз.
«Орнату» басып, телефонның құпиякодын енгізіңіз. «Расталмаған» деген жазба шығады — бұл қалыпты.
Басты экранда Qalta белгішесі пайда болады — ол толық экранда, бағдарлама сияқты ашылады.
Apple iPhone-ға бағдарламаны тек App Store арқылы орнатуға рұқсат береді. Сондықтан iPhone-да Qalta веб-қосымша ретінде орнатылады: белгіше, толық экран, интернетсіз жұмыс — бәрі бар. Профиль тек белгіше қосады, басқа ештеңеге рұқсат сұрамайды; кейін «Параметрлер → Жалпы → VPN және құрылғыны басқару» арқылы өшіруге болады.